"Whatss App",- Уали, Ал "ВК" махрам. " Инстаграм",- болды құрбыңыз! Еркек пен әйел аралас болып, Арамға ойды бұрдыңыз! Некеге қалай қарайсыз деумен, Ниетін сұрап тұрдыңыз?! Бөтен адаммен былшылдап бекер, Сөйлесіп жылы күлдіңіз! Ей сорлы құлдар,ақылсыз ұлдар, Тастаңдар пасық амалды.!!! Сен надан болсаң,бос сөзге құмар, Қосады тең қып наданды! Интернет деген ит қора болып, Улаған екен санаңды! Өлесің сенде! Өлемін менде, Тастаймыз мына ғаламды. Ахирет ауыр, азабы ащы, Қабірдің іші қараңғы!!! Ей, Иман келтірген мұсылман бауырлар Алладан қорқыңдар! Еркек бөтен әйелге, әйел бөтен еркекке "неке мақсатымен" деп хат (смс) жазбасын! Некеге ниетіңіз барма деп сұрайтындар көбейіп кетті, оның некелеп беретін Уалиі бар, содан сұра. Және оның ниетінің қандай екенінде шаруаң болмасын! Барлық нәрсені шариғатпен бастаған дұрыс, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жолымен бастаңдар, анық сол жолда береке бар. Алла Тағала біздерді пайдалы іспен шұғылдануымызды және мұсылман болған куйде өлуімізді нәсіп етсін. Әмин!

Теги других блогов: продвижение SEO Google